RU
Ноғаев Атырауда биыл ғана жөндеуден өтіп, өртеніп кеткен театр басшысын сынады
Жаңалықтар Қоғам

Ноғаев Атырауда биыл ғана жөндеуден өтіп, өртеніп кеткен театр басшысын сынады

Рассказать Вконтакте

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жақында өртеніп кеткен Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрын қалпына келтіру жұмысының барысын тексерді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ввввв

Еұрлан Ноғаев. Фото: mgorod.kz

Драма театрын қалпына келтіру жұмыстары өрттен кейін жедел түрде басталған. Қазір нысанда 22 компания жұмыс істеп жатыр.

Олар театрды өз қаражатымызға жөндейміз деп бастама көтерген.

Атырау облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мәлік Амановтың айтуынша, жөндеу жұмыстарына 12 арнайы техника тартылып, 200-ден астам адам еңбек етуде. Театр ұжымы да тыс қалмай, белсенді атсалысып жүр екен.

Театр ғимаратын аралап шыққан Нұрлан Ноғаев өртке себепкер болған электр тұстаманы күрделі жөндеу кезінде жаңартпаған театр басшылығын сынға алды.

Облыс әкімі жағдайды жан-жақты саралап, кінәлілерге шара қолдануды тапсырды.

«Бұл - бүкіл облыс халқы үшін үлкен сын болды. Бірақ адамдардың немқұрайлылығынан қалпына келтіру жұмыстары өрттен кейін біраз уақыт өткенде ғана басталды. Көп жұмыс істеу керек, дегенмен, асығыстыққа жол беруге де болмайды. Қыс түскенше уақытымыз бар. Мамандардың бағалауынша, үш ай ішінде жұмысты толығымен аяқтаймыз», - дедіНоғаев.

Айта кетерлігі, қыруар қаржыға жөндеуден өтіп, биыл мамыр айында ғана ашылған театр ғимараты осыдан бірнеше күн бұрын өртеніп кетті.

Сіздің реакцияңыз
8
2
1
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel