RU
Ақтөбеде үш баласы мен күйеуін тастап Сирияға аттанған әйел сотталды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде үш баласы мен күйеуін тастап Сирияға аттанған әйел сотталды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде «Жусан» операциясы арқылы елге оралған келіншек сотталды. 32 жастағы Ақмарал Алмағанбетова алдағы бес жылын түрмеде өткізеді деп хабарлайды КТК арнасы.

Ақтөбеде үш баласы мен күйеуін тастап Сирияға аттанған әйел сотталды

Ақмарал Алмағанбетова. Скриншот: КТК

Жиһад деп желіккен келіншек 2013 жылы үш баласы мен күйеуін тастап Сирияға аттаныпты. Шариғат жолымен жолдасынан ажырасқан ол жат елде жүрсе де, күйеуін соғысқа қатысуға шақыруын қоймаған.

Сотталушы Алмағанбетова өзінің экстремистік ұйым құрамында болғанын жасырмайды. Онымен қоймай, Сирияда төрт рет тұрмыс құрып, екі бала туған.

Адасқан келіншектің төрт жасар ұлы мен екі жастағы қызы операция кезінде өзімен бірге елге жеткізілді.

Ақмарал Алмағанбетоваға лаңкестікті насихаттап, ұлтаралық араздықты қоздырған деген айып тағылды.

Ол өз кінәсін бірден мойындап, прокурорлармен процессуалдық келісім жасауға ниет білдірген.

Сондықтан тергеу де тез бітіп, сот оны бес жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Дереккөз: КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
4
1
5
5
2
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel