Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

3000 адамның алдында сүйіктісіне сөз салған тараздық жігіт көпті тәнті етті (видео)

Опубликовано:

Қазақстан жастары конгресі жанындағы Республикалық жастарды дамыту орталығының жетекшісі Ерғазы Әзімханұлы елордада өткен мерекелік кеште қалың көрерменнің алдында ғашығына үйленуге ұсыныс жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ерекше сәттің видеосын белсенді блогер өзінің Instagram парақшасында жария етті.

Желіде "әкімдер челленджімен" танылған Ерғазы Әзімханұлы бұл жолы батылдығымен көпшілікті сүйсінтті.

Ол 3000 адам жиылған кеште сахна төріне шығып, сүйіктісіне жүрегі мен қолын ұсынып, өзіне тұрмысқа шығуын сұраған.

"Менен бақытты адам жоқ, себебі бала күнгі арманым, әлемдегі ең керемет қыз "Иә" деп менің жарым болуға келісімін берді. Сіздерге жұғысты болсын...", - деді ол өміріндегі ең маңызды күн туралы жазбасында.

Ерғазының достары мен желі қолданушылары қос ғашыққа бақыт тілеп, жақсы пікірлерін аямай жазды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1812825-3000-adamny-aldynda-sjiktisine-sz-salgan-tarazdyk-zigit-kpti-tnti-etti-video/

pixel