Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қыздар, өздеріңді ұстаңдар": Сочиде ән салған Димаш қошемет пен гүлдің астында қалды (видео)

Опубликовано:

Әлемге аты әйгілі болған қазақтың жарық жұлдызы Димаш Құдайберген жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін "Новая волна" байқауын ашып, кезекті мәрте көрерменнің ыстық ықыласы мен қошеметіне бөленді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сочидегі ән байқауының ашылуына қатысқан Димашты орындалған туындының авторы Игорь Крутой сүйемелдеді.

Сонымен бірге, отандасымыз оркестр және хормен бірге өнер көрсетті.

Бұған дейін де ресейліктерді таңдай қақтырып жүрген Димаштың құшағы осы жолы тағы да гүлге толып, шапалақтың астында қалды.

Кеш жүргізушісі де қазақ әншісінің мақтауын асырып, жанкүйерлерін "сабырға" шақырды.

«Міне, Ресейдің, Қытайдың және бүкіл әлемнің жаңа секс-символы. Қыздар, өздеріңді ұстаңдар, ол қайтып келеді», - деді "Новая волна" тізгінін ұстаған жігіт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1812832-kyzdar-zderidi-stadar-socide-n-salgan-dimas-kosemet-pen-gldi-atsynda-kaldy-video/

pixel