RU

Президент: Ұлытауды демалыс аймағы және тағзым ету орталығы ету керек

"Ұлытау 2019" халықаралық туристік форумының жұмысына қатысқан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиын нәтижесінде үкіметке қандай тапсырма бергенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ааааа
Фото: www.instagram.com/tokayev_online: Instagram

Кеше, 24 тамыз күні Қазақстан президентінің киелі Ұлытау өңірінде өткен форумда сөз сөйлегені туралы хабарлаған болатынбыз.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Instagram желісіндегі ресми парақшасында үлкен шарадан естелік фотоларды жарияланды.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы үкіметке тапсырма бергенін де атап өтті.

""Ұлытау-2019" халықаралық туристік форумына қатыстым. Алтын бесігіміз Ұлытау жерін демалыс аймағы әрі ұлы бабаларға тағзым ету орталығы ретінде дамыту міндеттерін қойдым. Үкімет тиісті шараларды қабылдауы тиіс", - делінген суреттермен берілген жазбада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1812849-prezident-lytaudy-demalys-ajmagy-zne-tagzym-etu-ortalygy-etu-kerek.html