RU
Жігіт сұлтаны: ШҚО-да 120 келі тайыншаны көтерген палуан елді таңырқатты

Жігіт сұлтаны: ШҚО-да 120 келі тайыншаны көтерген палуан елді таңырқатты

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында 24 тамыз күні жігіттер арасындағы халықаралық "Толағай сұлтаны" байқауы басталды деп хабарлайды АлтайNews-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жігіт сұлтаны: ШҚО-да 120 келі тайыншаны көтерген палуан елді таңырқатты

Фото: АлтайNews

Байқаудың бірінші күнінде ұлттық спорттан бессайыс өткен.

Алғашқы жарыстың қорытындысы бойынша Қарағанды, Алматы облыстары мен Өскеменнен келген қатысушылар көш бастап тұр.

Ал бүгін өнер көрсету бөлімі басталды.

Бұл сайыста Түркістан облысынан келген Әкбар Елубайұлы есімді палуан жігіт тайынша көтеріп жұртты таңғалдырды. Ол салмағы 120 келі жануарды 20 рет көтерді.

Айта кетейік, Әкбар осыған дейін екі рет қошқар көтеруден рекорд жаңартып, Гиннестің рекордтар кітабына еніпті. Ол кешегі қазақша күресте де бірінші орын алған болатын.

Сіздің реакцияңыз
4
1
0
0
0
9
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel