Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда үш азамат кішкентай қыздарды зорлады деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Атырауда құқыққорғау қызметкерлері үш ер адамды тұтқындады. Олар кәмелетке толмаған қыздарды зорлады деген күдікке ілінді деп хабарлайды "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Күдіктілер 20, 34 және 35 жастағы азаматтар болып шықты. Сот санкциясы бойынша олар қамауға алынды. Ер адамдар кәмелетке толмаған қызды зорлады деген айып тағылып отыр.

Алайда, басылымның хабарлауынша, оқиға құрбаны бір емес, екі қыз болуы мүмкін.

"Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар белгіленген. Бұл істің тергеу жұмысы жіті бақылауда" , - деп мәлімдеді облыстық прокуратура өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1812875-atyrauda-s-azamat-kiskentaj-kyzdardy-zorlady-degen-kdikke-ilindi/

pixel