Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін

Опубликовано:

Циклон және соған байланысты фронттардың ықпалына орай еліміздің бірқатар өңірінде найзағай, дауыл, желдің күшеюі күтіліп, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік  және шығыстың кей жерлерінде тұман, ал оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік, шығыс және орталық антициклон әсерінде болғандықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады деп хабарлайды Қазгидромет.

Ауа райы
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Ақмола облысында тұман, күндіз дауыл, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.  Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. 

Таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей бөліктерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл, күндіз кей жерлерде найзағай болады.

Түнде Жамбыл облысында жел 15-20 м/с дейін күшейіп, шаңды дауыл күтіледі. Күндіз Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарында желдің 15-22 м/с күшеюі күтіледі. 

Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысында тұман болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1812876-aua-rajy-bgin-elimizdi-basym-bliginde-zel-ksejip-brsak-zauuy-mmkin/

pixel