RU
Желіде тараған балконда отырған балалардың суреті жұртты дүрліктірді (фото)

Желіде тараған балконда отырған балалардың суреті жұртты дүрліктірді (фото)

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желілерде бір топ жасөспірімнің балкондағы суреті тарап кетті. Фотода екі қыз баланың аяқтарын төменге салбыратып, қауіпті жағдайда отырғаны қалың көпшілікті дүрліктірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ел арасында шу тудырған сурет Instagram желісіндегі kris.p.almaty парақшасында жарияланған.

Жазбаның авторы бұл әрекет Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде орын алғанын жеткізді.

Фотодан оныншы қабаттағы балконнан екі қыздың аяғын салбыратып отырғанын көруге болады.

"Күзет қызметі бұған қатысты әңгімелесу болғанын айтты. 10 қабат, кейін 16 қабатқа ауысқан. Мұндайды көргеннен төбе шашың тік тұрады" , - деп жазылған суреттің анықтамасында.

Аталмыш сурет желідегілер арасында қызу талқыға түсті. Көпшілік балалар мен олардың ата-аналарын сынап тастаған.

"Ата-аналар қайда қарап жүр?" , "Не қарап отыр, мына балалардың ата-анасы?" , " Мен 29 жаста бола тұра, парашютпен секіруге қорқамын" , "Бесінші қабаттан төменге қарауға қорықсақ. Мына жасөспірімдер жүрек жұтқан" , - деп жазуда оқырмандар.

Сіздің реакцияңыз
2
9
2
1
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel