RU
Димаш Құдайберген әйгілі Игорь Крутойдың кешінде өнер көрсетті (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Димаш Құдайберген әйгілі Игорь Крутойдың кешінде өнер көрсетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Теңдесіз дауысымен күллі әлемді аузына қаратқан қазақстандық әнші Димаш Құдайберген ресейлік жұлдыз Игорь Крутойдың ән кешінде өнер көрсетті. Отандасымыз Сочи қаласында өткен шарада әйгілі композитордың бірқатар хит әндерін шырқады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Концерт кезінде түсірілген видео желіде жарияланған.

Бейнежазбадан қазақстандық тума таланттың "Любовь, похожая на сон" мен "Любовь уставших лебедей" әндерін орындағанын көруге болады.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген Сочи қаласында өткен "Новая волна" байқауының ашылу кешінде өнер көрсеткен болатын.

Жанкүйерлері сүйікті әншілерін сахнадан жібергісі келмей, оның құшағын гүлдерге толтырған.

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
0
17
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel