Нығматулин парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырды
Опубликовано:
Нұрлан Нығматулин парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырғанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы мәжіліс спикері өзінің Twitter парақшасында мәлім етті.
" Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойдым. Өкімге сай 2 қыркүйекте Парламенттің бесінші сессиясы өз жұмысын бастайды" , - деп жазды ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1812901-nygmatulin-parlament-palatalaryny-birlesken-otyrysyn-sakyrdy/