Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақытжан Сағынтаев бірқатар саяси шешім қабылдады

Опубликовано:

Nur Otan партиясының алматылық филиалында АҚФ төрағасы әрі мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен партияның қалалық филиалы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті деп хабарлайды әкімдік хабарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz: UGC

Отырыс барысында «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының партияны қайта жаңғырту туралы cаяси кеңесінің шешімдерін жүзеге асыру жөніндегі міндеттері туралы мәселелері қаралды.

Саяси кеңесте қала басшысы азаматтардың партиямен және атқарушы органдармен диалогын күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

"Бізде "Бақытты отбасы – Алматы " қорының жұмысы жолға қойылды. Тәжірибе бар. Бүгінде 3 мыңға жуық анаға көмек көрсетілді. Бір ай бұрын республикада алғаш болып "Мобильді халыққа көмек" жобасын іске қостық.
Осы уақыт ішінде қала шетінде орналасқан базарлар мен вокзалдарда меморган басшылары мен депутаттар 1300 адамды қабылдады. Мәселенің 67 пайызы оң шешімін тапты. Мәслихат депутаттары басшылық еткен әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарда 60 партиялық бақылау бекеттері орналастырылды" , - деді Бақытжан Сағынтаев.

Жиында Сағынтаев бірқатар маңызды шешім қабылдады:

  • Апта сайын оның қатысуымен "Nur Otan" партиясының филиалында өзекті мәселелер бойынша шұғыл жиындар өткізу;
  • Филиал жанынан әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қарау жөніндегі Азаматтық комитет құрылады. Бұл комитет меморгандармен бірлесіп, мәселенің шешу жолдары мен олардың орындалуын бақылайды;
  • Мәслихаттағы фракцияның рөлін арттыру;
  • "Jas Otan" және Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің жетекшілігімен ЖОО-дағы жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу.
  • Қала әкімдігі жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің жұмысын жандандыру.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1812905-bakytzan-sagyntaev-birkatar-saasi-sesim-kabyldady/

pixel