Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлгінов: Елордада кей мектептерге не көлікпен, не жаяу бару мүмкін емес

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов таңертеңгі аралау кезінде екі мектепке барып, олардың жұмыс барысымен танысты деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. 

Көлгінов
Фото: astana.gov.kz: Getty Images

Мәселен, №28 мектептің қосымшасының құрылысы жүргізілуде. Жаңа корпус 300 орынға есептелген. Сондай-ақ, қосымша ғимаратта спорт зал, асхана болады. Корпус қазан айында ашылады. Мектеп қосымшасы аумағында ойын алаңы орнатылады.

Көлгінов
Фото: astana.gov.kz: Instagram

Таңғы аралау аясында барған екінші орын №67 мектеп болды. А. Көлгінов мектепке қауіпсіз кіреберіс жолын салу қажеттілігі туралы айтты.

Көлгінов
Фото: astana.gov.kz: Facebook
"Мектептерді салып жатырмыз, бірақ кіреберіс жолдары туралы ойламаймыз. Осындай мәселе №75 мектебінде бар. Тұрғызған жаңа құрылыстар жанында дұрыс жол жоқ. Ата-аналар мен оқушыларға аулалар арқылы баруға тура келеді. Оқу орындарына қауіпсіз жолдар салу, көлікке арналған тұрақ орындарын ойластыру қажет", - деді Көлгінов.
Көлгінов
Фото: astana.gov.kz: Facebook

Бұдан басқа, ата-аналар мен оқушылардың ыңғайлылығы үшін бірнеше жерде калиткалар ашылады. Алдағы 5 жылда елордада 40-қа жуық білім беру нысаны салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1812915-klginov-elordada-kej-mektepterge-ne-klikpen-ne-zaau-baru-mmkin-emes/

pixel