Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан және АҚШ жастары бірлескен жобалар жасамақшы

Опубликовано:

Бүгін Нұр-Сұлтанда Қазақстан-АҚШ жастарының форумы өтіп, онда ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Қазақстан және АҚШ жастары бірлескен жобалар жасауға ниетті
Сурет: «Болашақ» баспасөз қызметі: Facebook

Айтулы форум «Жастар ұйымдарының нетворкингі және тәжірибе алмасуы» жобасы аясында өтті. Осылайша, екі елдің белсенді әрі білімді жастары бас қосып, өзара тәжірибе алмасты.

«Нұр-Сұлтанға қош келдіңіздер! Біздің қаланың ерекше миссиясы бар. Тұңыш Президентіміз-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дана саясатының арқасында астанамыз әлемде бейбітшілік қалыптастыруға белсенді атсалысып келеді. Әлемдік діндер съезі сияқты ауқымды шараларға алаң ұсыну дәстүрге арналған. Бүгінгі форум да сондай пайдалы шараның бірі болады деген үміт бар. Ең бастысы, биыл елімізде Жастар жылы өтіп жатыр. Бүгінгі форум арқылы екі ел жастарының тығыз қарым-қатынасын жолға қоя аламыз. Форум ғылым, мәдениет, спорт саласындағы бірлескен жобалардың жүзеге асуына жол ашып, үздік тәжірибелерді бөлісуге мүмкіндік береді деген үміттеміз», - дейді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин.
Қазақстан және АҚШ жастары бірлескен жобалар жасауға ниетті
Сурет: «Болашақ» баспасөз қызметі: Facebook

Форумға «Kazakhstan Trade Council» директоры Дэвит М.Валера, MIT университеті қызметкері, жас белсенді Челси Конард, «Еріктілер лигасы» қоғамдық қорының төрайымы Айсұлу Ерниязова, «Jas Otan» жастар қанатының жетекшісі Кәрібек Дәулет және т.б. белсенді жастар қатысты.

Форум аясында «Bolashaq» қауымдастығы, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы және «Kazakhstan Trade Council» бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша үшжақты меморандум жасасты. Сондай-ақ, «Jas Otan» және «Indiana University Fencing Club» арасында, «Астана жастары» және «Words Can Soar» халықаралық ұйымының арасында келісімдерге қол қойылды.

Екі күнге созылған басқосу Қазақстан мен АҚШ жастары арасында қарым-қатынас орнату, екі жақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1812935-kazakstan-zne-aks-zastary-birlesken-zobalar-zasamaksy/

pixel