Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жақсылыққа апармайды": Байбек саясаттағы атаққұмарлық жайлы айтты

Опубликовано:

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек "Хабар" телеарнасына берген сұхбаты барысында саясаттағы атаққұмарлық мәселесіне қатысты пікір білдірді. Саясаткер беделшілдік жақсылыққа апармайтынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бауыржан Байбек. Фото: NUR.KZ
Бауыржан Байбек. Фото: NUR.KZ: Original

Байбек партиялық тізім бойынша болатын алдағы мәслихат сайлауы жайлы сөз қозғап, дауыс берушілерге саяси партиялардың шын мәнінде іске асыра алатын уәделеріне құлақ асу керектігін мәлімдеді.

Саясаткер "бір күндік партиялар билікке қол жеткізу мақсатында барлығын уәде етуі мүмкін" екенін ескертті. Алайда, тәжірибеге сәйкес, олар көп жағдайда сөзінде тұрмай, уәдені іске асырмайды.

"Бас партия іске асыра алатын уәде беруі тиіс. Көбіне, мемлекетті ілгері қарай дамыта түсу үшін аса кең таралмаған шешімдерді қабылдау қажет. Өкінішке орай, өмірде солай. Егер атақ құмарлық жолмен жүрсең, ол жақсылыққа апармайды. Одан түк шықпайды" , - деді Байбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1812942-zaksylykka-aparmajdy-bajbek-saasattagy-atakkmarlyk-zajly-ajtty/

pixel