RU
"Ол өтірік айтады": Деревянченко Головкиннің мәлімдемесіне жауап берді
Жаңалықтар Қоғам

"Ол өтірік айтады": Деревянченко Головкиннің мәлімдемесіне жауап берді

Рассказать Вконтакте

Сергей Деревянченко қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жекпе жек алдындағы қорқынышына қатысты пікір білдідірді деп хабарлайды Sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

GGG бұған дейін өзінің жаңа қарсыласынан "аздап қорқып тұрмын" деген болатын.

Алайда, Деревянченко Головкинде ешқандай қорқыныш жоқ, ол жай ғана көпшілікке ойын көрсетіп отыр деп есептейді.

"Ол өтірік айтады деп ойлаймын. Шын мәнісінде, ол менен қорықпайды. Білесіздер ме, бұл "Мен сенен қорқамын" және т.б. ойын сияқты", - деді украиналық боксшы.

Сондай-ақ, ол өзінде ешқандай қорқыныш сезімі жоқтығын айтты.

Сергейдің сөзінше, оның қазақстандық боксшымен шаршы алаңда өнер көрсетуі үшін тәжірибесі жетерлік.

Естеріңізге салайық, 5 қазанда IBF бос белбеуі үшін қос боксшы Нью-Йорктегі Madison Square Garden алаңында жұдырық түйістіреді.

Сіздің реакцияңыз
5
0
0
0
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel