Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сапарбаев екі сиырмен отбасын қалай асырауға болатынын айтты

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда "Жанұя" отбасыны қолдау институтының ашылуы өтіп, онда пермьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев сөз сөйледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бердібек Сапарбаев. Фото: abctv.kz
Бердібек Сапарбаев. Фото: abctv.kz: Facebook

Жиында Сапарбаев екі сиырдың көмегімен қалай табыс табуға болатынын айтты. Вице-премьер сырттан көмек күтпей, жұмыс істеу керек екенін атап өтті.

Алынған сүттің жартысын өзіңе алып, қалғанын сатуға болатынын жеткізді. Сондай-ақ, саясаткер сатылымға май, қаймақ және құрт дайындауға болатынын да айта кетті.

"Егер сіз еңбектенсеңіз, асырауға болады. Біз бәріміз ауылдан шыққанбыз. Шаруашылықта бір немесе екі сиыр ұстап, өмір сүруге болады. Ал ол үшін сиырға қолайлы жағдай жасау керек.
Қазір жем-шөп жоқ деген әңгіме көп. Егер біз әрдайым "жоқ" дей берсек, бізде ештеңе болмайды. Біреу арнайы сізге жем әкеліп бермейді ғой.
Бізде жем де, шөп те, су да жетеді. Әрекет ету керек. Егер сиырды уақытылы тамақтандырса, онда ол күніне кемінде 7-8 литр сүт береді. Егер өзіңе 2-3 литрін қалдырсаң, қалған сүттен құрт, қаймақ, май, айран жасауға болады.
Сондықтан, мәселе екі сиырда емес, еңбексүйгіштік танытуда. Тағы да қайталап айтамын: дені сау адам жұмыс істеуі керек. Әсіресе, жас буынды еңбексүйгіштікке үйретуіміз керек", - деді Сапарбаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел тұрғындарына екі сиыр сатып алып, сүт өнімдері арқылы пайда табуға болатынын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1812962-saparbaev-otbasyn-eki-siyrmen-kalaj-asyrauga-bolatynyn-ajtty/

pixel