Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәдина Сәдуақасова Тоқаевтың алғыс хатымен марапатталды (фото, видео)

Опубликовано:

Әнші Мәдина Сәдуақасова президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы алғыс хатымен марапатталғанын айтып, Instagram парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан алғыс хат! Ерекше сеніміңіз үшін рахмет! Келе жатқан Конституция күні баршамызға құтты болсын", - деп жазды Сәдуақасова парақшасында.

Ал желі қолданушылары әншіні жаңа марапатымен жарыса құттықтаған.

"Еңбегіңіз елене берсін", "Құтты болсын", "Тек биік белестен көріне беріңіз", "Еңбектің бағаланғаны жақсы ғой", "Жұлдызың жана берсін" деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, Мәдина Сәдуақасовадан бөлек Қанат Ислам мен Досжан Жолжақсынов та президенттің алғыс хатына ие болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1812963-mdina-sduakasova-tokaevty-algys-hatymen-marapattaldy-foto-video/

pixel