RU
Алматыда адамдарды көлікпен әдейі қаққан оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда адамдарды көлікпен әдейі қаққан оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде көліктің ер азаматтарды әдейі қаққан видеосы пайда болды. Осыған байланысты Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Полицияның мәліметінше, аталған оқиға 26 тамыз күні таңғы 5 шамасында Алматы қаласы Бостандық ауданында тіркелген.

Сөзге келіп қалған екі топ өзара жанжалдасып соңында бір-бірін көлікпен қуалағаны белгілі болды.

"Жанжалдың нәтижесінде тараптардың біреуі қарсыластарын көлікпен қағып, оқиға орнынан қашып кетті. Олардың кім екені анықталды, тергеу жүріп жатыр. Еске сала кетсек, бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алынып, қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша іс қозғалды. 
Бостандық аудандық полиция бөлімінде территориялық жағынан, сондай-ақ, ПД тергеу бөлімінде тергелуде. Күдіктілер анықталды, қазір оларды ұстауға және көлікті тәркілеуге бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізілуде", -қалалық полицияның ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, оқиға салдарынан үш адам зардап шеккен.

Олар медициналық мекемеге жеткізілген.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желілерде көлік жүргізушісінің бір топ адамды қаққаны жайлы видео пайда болған.

Сіздің реакцияңыз
0
2
7
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel