Nur Otan партиясының хатшысы тағайындалды
Опубликовано:
Nur Otan партиясының жаңа хатшысы болып Ғабидолла Оспанқұлов тағайындалды. Бұл туралы Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter желісіндегі парақшасында жазды хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Партия Лидері Назарбаевтың келісімімен Ғабидолла Оспанқұлов "Nur Otan"-ның Хатшысы болып тағайындалды. Партияны қайта жандандыру аясында оның білімі мен мол тәжірибесі "Nur Otan"-ның идеологиялық саясатын күшейтіп, жастармен жұмысқа тың серпін береді деп сенемін", - деді ол.
Айта кетейік, осыған дейін бұл қызметті Марат Сембеков атқарды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1812976-nur-otan-partiasyny-hatsysy-tagajyndaldy/