RU
Оралда 62 жастағы ер адам төрт күннен бері табылмай жатыр (фото)

Оралда 62 жастағы ер адам төрт күннен бері табылмай жатыр (фото)

Рассказать Вконтакте

Оралда Ержан Шынтаев есімді 62 жастағы тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті. Ер адамды жақындары төртінші күн іздестіруде деп хабарлайды Мой город порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ержан Шынтаев. Фото: mgorod.kz

Ержан Шынтаев. Фото: mgorod.kz

Ержан Шынтаевтың қызы Әсемгүлдің сөзінше, әкесі 23 тамыз күні 10.00-де үйден шығып кетіп, қайт оралмаған. Ер адам бір айдан бері есте сақтау қабілетінен зардап шегіп жүр екен.

"Үйден кеткенде үстінде қара сызықтары бар ақ жейде, қара түсті классикалық шалбар, аяғында қоңыр түсті аяқ киім болды", - дейді Әсемгүл.

Оның сөзінше, полицияға барып арыз жазған. Құзырлы орган іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтқан.

Жақындары ер азаматы көргендер болса мына нөмірге хабарласуын сұрайды: 8 777 569 02 38 немесе 8775 249 22 08.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel