RU
Ташкентте сақалдылардың сақалын қырып, қайта босатқан (фото)

Ташкентте сақалдылардың сақалын қырып, қайта босатқан (фото)

Рассказать Вконтакте

23 тамызда Ташкенттің электроника сататын "Малика" ("Флешка") ең ірі базарында құқық қорғау органдары рейд жүргізіп, ондаған ер азаматты милиция бөлімшесіне алып кеткен. Сөйтіп, олардың сақалдарын қырып, қайта босатқан деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Джамолиддин Мухаммаджон. Фото: Facebook.com/jamoliddin.muhammadjon парақшасынан

Джамолиддин Мухаммаджон. Фото: Facebook.com/jamoliddin.muhammadjon парақшасынан

Базардағы рейд жөнінде Жамолиддин Мухаммад есімді Facebook қолданушысы өзінің парақшасында жазған.

"Малика" базарынан шыққанда, милиция қызметкерлері мені тоқтатып, бөлімшеге алып кетті. Ол жақта ұзын-сонар кезек. Мен мәселе сақалда екенін түсіндім. Ұсталғандардың бәрін суретке түсіріп жатты. Кейін жеке кабинетте сөйлесіп, сақалымды алу керектігін айтты.
Мен сақал қоюға тыйым салатын заңды көрсетіңіз, сол кезде мен талаптарға бағынамын дедім. Бірақ маған ешқандай құжат көрсетпеді", – деп жазады Жамолиддин Мухаммад.

Сондай-ақ, рейдтің қалай болғанын базардағы кәсіпкерде айтып берген.

"Рейд түстен кейін басталды. Азаматтық формадағы милиция қызметкерлері сақалды ер азаматтарды ұстай бастады. Арасында мен де болдым. Бізді ішкі істер басқармасының 4-бөлімшесіне алып барды. Ол жерде сақалымызды алуға мәжбүрледі. Егер бас тартсақ, түрмеге отырғызамыз деп қорқытты. Келіскендердің сақалын қырып, жіберді, бас тартқандарды алып қалды", – дейді кәсіпкер.

Енді сақалын мәжбүрлеп қырғызған азаматтар Ташкенттің ішкі істер басқармасынан рейд жайында ресми түсініктеме беруді талап етіп отыр.

Өз кезегінде Өзбекстанның мұсылмандар діни басқармасы құқық қорғау органдарының әрекетімен келіспейтінін жеткізген.

"Сақал қою әрбір мұсылман үшін сүннет. Сақал үшін азаматтарды қуғындау заңға қайшы", – деп мәлімдеді мекеме өкілі.

Сіздің реакцияңыз
9
2
0
0
1
18
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel