RU

Нұр-Сұлтан қаласында "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы ашылды

ҚР вице-премьері Б. Сапарбаев пен елорда әкімі А. Көлгінов жаңа "ЖАНҰЯ" атты отбасы институтын қолдау орталығының жұмысымен танысты.

Нұр-Сұлтан қаласында "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы ашылды
Фото: Акимат г. Нур-Султан: Facebook

Орталық қала тұрғындарына "бір терезе" қағидасы бойынша 70-тен астам мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Тұрғындар аталмыш орталықта АӘК алу, білім алу, жұмысқа орналасу, өз ісін ашу, балаларды кезекке қою, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу және т. б. сұрақтарға жауап ала алады.

Нұр-Сұлтан қаласында "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы ашылды
Фото: Акимат г. Нур-Султан: Facebook
"Біз әкімдікте басқарма басшылары мен аудан әкімдерінің қатысуымен өткізілетін азаматтарды қабылдау жүргізудеміз. Тұрғындарды қабылдау жүйелі түрде өтіп тұрады. Екі айда мен жеке өзім 300-ден астам адамды қабылдадым. Тұрғындар бізден кез-келген күні келіп, толғандыратын сұрақтарға жауап ала алатын орталық ашуды сұрады. Көптеген адамдар бізге жұмысқа орналасу және білім алу мәселелерімен жүгінеді. Мәселен, қосымша білім алу үшін қандай курстардан өту керек, "Бақытты отбасы" тұрғын үй бағдарламасына қалай қатысуға болатындығы туралы жиі сұрақтар қояды. Осы орталықта да азаматтарды жеке қабылдайтын боламын", - деді А. Көлгінов.
Нұр-Сұлтан қаласында "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы ашылды
Фото: Акимат г. Нур-Султан: Facebook

Мемлекеттік қызмет көрсету орталығында 30-ға жуық маман жұмыс істейді, сондай-ақ психологтар мен медиаторлар бар.

Мекемеде барлық жағдай жасалған: ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған лифтілер бар, балалар үшін арнайы ойын аймағы ашылған, орталық қызметкерлері балаларға қарайды.

Нұр-Сұлтан қаласында "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы ашылды
Фото: Акимат г. Нур-Султан: Facebook

Мамандар өз ісін ашуға көмек көрсетеді, кәсіпкерлер мотивациялық бизнес-тренингтер өткізеді.

Сонымен қатар, орталық базасында қала әкімінің ашық қоғамдық қабылдауы жұмыс істейді.

Нұр-Сұлтан қаласында "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы ашылды
Фото: Акимат г. Нур-Султан: Facebook

Сондай-ақ аудан әкімдері, басқармалар мен басқа да ұйымдардың басшылары кестеге сәйкес азаматтарды қабылдайды.

Орталық сағат 9.00-дан 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1812995-nr-sltan-kalasynda-zana-otbasy-institutyn-koldau-ortalygy-asyldy.html