RU
"Лайк" жинау үшін жол апатын қолдан жасаған блогер ұятқа қалды (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

"Лайк" жинау үшін жол апатын қолдан жасаған блогер ұятқа қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Чао есімді қытайлық блогер Weibo әлеуметтік желісіне бейнеролик түсіру үшін Чжэнчжоу қаласында жол-көлік апатын қолдан жасаған деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Weibo

Фото: Weibo

Блогердің қолдан жасаған жол апатының желісі бойынша, ол Lamborghini автокөлігімен келе жатып, электроскутер мінген 55 жастағы әйел адамға соқтығысады.

Ал тұрғын болса, апаттан жарақат алған адамның кейпін танытып жатады. Кейіннен ол әйелдің Чаоның анасы екені анықталған.

Оқиғаны блогердің досы видеоға түсірген. Чао бұндай жолмен әлеуметтік желідегі танымалдығын арттыруды көздепті.

Куәгерлер мен жол қозғалысының қатысушылары оқиғаға байланысты полицияға хабар берген. Олар блогердің бұл әрекеті көшеде көптеліс тудырғанын айтып шағымданған.

Нәтижесінде Чао, оның анасы мен досы бес тәулікке қамалып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін оларға 200 юань (шамамен 10 800 теңге) айыппұл салынды.

Фото: Weibo

Фото: Weibo

Сіздің реакцияңыз
6
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel