RU
"Мәйітті кредитке жерлейді": Елордалық құлпытас жасайтын шебер өз кәсібінің сырын ашты

"Мәйітті кредитке жерлейді": Елордалық құлпытас жасайтын шебер өз кәсібінің сырын ашты

Рассказать Вконтакте

Елордалық Аслан Қайырғазинов құлпытас жасау ісімен он жылдан астам уақыт бойы айналысқан. Кейін басқа салаға ауысқан ол тұрғындардын кей уақытта мәйітті кредит алып, жерлейтін сәттерін есіне алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pxhere.com

Көрнекі фото: pxhere.com

Ер адамның сөзінше, құлпытас жасауда адамдар әртүрлі тастарды таңдайтын көрінеді. Ауқаттылар қымбат тасқа тапсырыс берсе, жағдайы төмен отбасылар кейде тіпті жерлеу рәсімінің өзін кредит алып, өткізеді екен.

"Әкем марқұм ұсталыққа жақын жан болатын. Сол қасиеті маған да берілді. Өзім сонау Арқалықтан көшіп келген едім. Осыдан он жыл бұрын, осы істі бастап, кейін басқа салаға ауыстым.

Ағаммен бірігіп жеке кәсіпкерлік ашып, жиһаз жасаумен айналысатын болдық. Бұрынғы кәсібім жайлы айтатын болсам, құлпытасқа қашан да сұраныс көп болатын.

Ауқаттылар жақындарына сарайдай мазар соғып, қымбат тастан құлпытас соқса, жағдайы төмен жандар жасыратыны жоқ, жерлеу рәсімінің өзіне несие алып жасайтын. Талай адам алдыма жылап-еңіреп келетін.
Бәріне қолымнан келгенше, көмектестім. Кейбіріне тіпті құлпытасты тегін де жасап бергенмін. Бәрі әруақ үшін, қазақ әруақты сыйлаған халық. Иманымыз бар, құдайдан, әруақтан қорқамыз", - дейді ер адам.

Аслан Қайырғазинов құлпытастардың елордадағы орташа бағасын да атап өтті.

"Былтырлары бір құлпытас шамамен 30-40 мың теңгенің маңайында болатын. Бәрі адамдардың шама-шарқылары байланысты. Біз ешкімді қыстамайтынбыз.

Әркім құлпытастың көлемін қалауынша таңдайды, сол бойынша бағасын шығаратынбыз.

Елорданың оң жағалауындағы Сейфуллин көшесінде құлпытас жасату қоймалары өте көп. Оларда да баға әркелкі. Бірақ қатты айырмашылық жоқ, тек таңдауыңыз керек", - дейді азамат.

Шеберден неліктен аталмыш саладан кетуінің себебін сұрағынымызда "отбасын асырау керек, сондықтан басқа салаға ауыстым" деп жауап берді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel