Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігерлер Алматыда көлік қаққан үш адамның жағдайын айтты

Опубликовано:

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы көлік қаққан адамдардың денсаулығы туралы айтып берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Ведомствоның мәліметінше, Алматы №7 қалалық клиникалық ауруханаға екі адам түскен.

Бірінші науқасқа ашық бас сүйек-ми жарақаты, мидың жеңіл дәрежеде жарақаты, бастың оң жақ сүйегінің сыну диагнозы қойылған. Ер адамның жағдайы орташа ауыр.

Екіншісіне жабық бас жарақаты, мидың шайқалу диагнозы қойылған. Жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

Ал үшінші зардап шегуші Орталық қалалық ауруханаға жеткізілген. Оған сол аяғының тобығы, оң қол шынтағы жабық, сол қол шынтағына ашық сынған деген диагноз қойылған. Оның да жағдайы орташа ауыр.

Еске сала кетейік, осыған дейін, әлеуметтік желіде көліктің бірнеше адамды қағып кеткен видеосы пайда болған еді. 

Кейін бұл оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813039-drigerler-almatyda-klik-kakkan-s-adamny-zagdajyn-ajtty/

pixel