Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бекен Сейдахметов азаматтық авиация Академиясының ректоры болды

Опубликовано:

Жақында бірқатар заңбұзушылықтар орын алған азаматтық авиация Академиясында жаңа ректор тағайындалды. Лауазымды қызметке Бекен Сейдахметов келді деп хабарлайды zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бекен Сейдахметов. Фото: agakaz
Бекен Сейдахметов. Фото: agakaz: UGC

Басшылықты ауыстыру жөніндегі шешімді азаматтық авиация Академиясының директорлар кеңесі қабылдады.

Академияның жаңа басшысы болып Бекен Сейдахметов болды.

Білім ордасында заңбұзушылықтар жойылу ұрдісінде екенін мәлімдеді. Оларға жауапты жеті қызметкерге қатысты тәртіптік шаралар қолданылды. Мамандар үш сөгіс пен төрт ескертуге ие болды.

Азаматтық авиацияның жаңа ректоры 57 жаста.

Оның екі жоғарғы білімі бар.

Әр түрлі жылдары "Астана" халықаралық әуежайы" ЖАҚ-та басшылық қызметтерде болған.

2011 мен 2017 жылдар аралығында азаматтық авиация комитетінің төрағасы болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813056-beken-sejdahmetov-azamattyk-aviacia-akademiasyny-rektory-boldy/

pixel