Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Беташарда ақша шашамыз": Ақтауда келін түсірудің басты ерекшеліктері қандай? (фото)

Опубликовано:

Маңғыстаулық Гүлдана Алшынованың келін атанып, табалдырық аттағанына көп болған жоқ. Жұбайы Ербол екеуінің үйлену тойы Ақтауда дүркіреп өтті. Келін түсірген шаңырақтың иелері қазақтың барлық салт-дәстүрлерін сақтап, үлкендерден бата алды. Жас келін еліміздің батысындағы, оның ішінде Ақтау өңіріндегі үйлену тойларының басты ерекшеліктерін баяндады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
"Өзім киелі Маңғыстау өңірінің тумасы болған соң, кішкентайымнан салт-дәстүрлерді берік ұстанып өстім. Төрт жыл бойы Алматыда студент атанып, теңімді өз аймағымнан таптым. Студент кезімде көпшілік Ақтаудың тым қазақы жер екенін айтып, менен біздің жақтың дәстүрлерін айтып беруді өтінетін.
Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
Көпшілікке бізде сақталған салттар қызық көрінуші еді. Маңғыстауда қазақылықтың исі аңқып тұр. Бүгінде ұзатылатын қыздардың ұлттық киім тіктіріп, келіндердің оюлы камзол киіп, басына шашақты орамал тағуы сәнге айналды. Бұл көз сүйсінетін, қуантатын жайт. Осының бәрі қайтадан жаңғырғаны жақсы емес пе?" , - дейді Гүлдана.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Маңғыстаулық келіннің айтуынша, өңірдегі салт-дәстүрлердің азғантай айырмашылығы бар.

"Екі жақ сөз байласқан соң, қызға құда түседі. Бізде сырға салу кезінде ер адамдарға қызды көрсетпейді. Сондай-ақ, екі тарап танысқан соң, той күнін белгілейді. Той күнін белгілеуге де күйеу жігіт қатыспайды. Еліміздің оңтүстік өңірлерінде қыздың ұзатылуына жігіт жақ толық құраммен барады. Келіннің болашақ ата-енесі де тойға келеді. Ал бізде мұндай атымен жоқ.
Ұзату тойына күйеу жігіт жолдасымен және 3-4 ер адам бастаған құдалар келеді. Яғни, құдалыққа тек ер адамдарды жібереді. Ал үйінен ұзатылған қызды жеңгелері қызыл шымылдықпен алып шықса, келін түсетін үй ақ шымылдықпен қарсы алады. Еліміздің батыс аймағында келіннің алдынан шымылдық алып шығады. Басқа өңірлерде мұндай көп кездеспейді" , - дейді ол.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Сондай-ақ, Маңғыстау өңірінде беташардың да өзіндік ерекшелігі бар. Мұнда арнайы қоржынға ақша салмайтын болып шықты.

"Елімізде келіннің беташарындағы ақшаны банкаға немесе арнайы табаққа салады. Ал Ақтау аймағында беташарға берілетін ақшаны тойға жиналған халыққа шашады. Банкаға салмайды. Шашылған ақшаның арасында доллар да, тиын да болуы мүмкін. Тойға келген қауым ақшаны өзара бөліп алады.
Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
Бұл да басты ерекшеліктердің бірі. Содан соң, жаңа түскен келін пәле-жаладан сақ болсын деген ниетпен малдың іш майын тұтатып, аластайды. Той өткен соң келіннің қолынан шай ішуге ағайын-туыс жиналып, келінге шай құйғаны үшін ақша береді. Бұл "шайқұяр деп аталады.
Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
Келін таңертең тұрысымен үйдің үлкендеріне, ата-енесіне сәлем салады. Өзінен кіші қайын сіңлілері мен қайныларына міндетті түрде ат қояды. Күнделікті өмірде ұзынша көйлек киіп, ақ орамал тарту басты міндет. Келіннің артынан әкелген жүгінде бүкіл қажетті дүниелерімен қатар, төрт мезгілде киетін киімдері болады. Біздегі той осынысымен қызық" - дейді ол.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813076-betasarda-aksa-sasamyz-aktauda-kelin-tsirudi-basty-erekselikteri-kandaj/

pixel