RU

Валерий Меладзе Альбина Джанабаевадан туған ұлын ресми түрде таныстырды (фото)

Ресейлік танымал әнші Валерий Меладзе алғаш рет ресми түрде халыққа 15 жастағы ұлын көрсетті. Шоу-бизнес жұлдызы мен "Виа Граның" бұрынғы мүшесі Альбина Джанабаеваның тұнғышы Меладзенің бірінші отбасымен тұрып жатқан шағында дүниеге келген деп жазады woman.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Starface, Андрей Калмыков/Woman.ru Instagram/@meladzevalerian. Коллаж: NUR.KZ
Фото: Starface, Андрей Калмыков/Woman.ru Instagram/@meladzevalerian. Коллаж: NUR.KZ: Instagram

Валерий Меладзе Константин есімді ұлын жұртшылыққа Instagram парақшасы арқылы таныстырған. Әнші презентінің өнер саласынан алшақтау екенін айтып, оған қатысты тың деректермен бөлісті.

"Менің қасымда концерттерге бармайтын адам отыр. Шулы шараларға қарағанда ол ғылым, техника және спорт салаларына үлкен мән береді. Қалай болғанда да ол менің өмірімнің жалғасы" Менің ұлым" , - деп жазған Меладзе баласымен түскен суреттің астына.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1813091-valerij-meladze-albina-dzanabaevadan-tugan-lyn-resmi-trde-tanystyrdy-foto.html