RU
Динара Қырықбаева үшінші сәбиін дүниеге әкелді (фото)

Динара Қырықбаева үшінші сәбиін дүниеге әкелді (фото)

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші Динара Қырықбаева үшінші рет ана атанды. Қуанышты жаңалығын әнші Instagram парақшасында бөлісіп, көпшіліктен сүйінші сұраған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші күні кеше қызды болған. Олар жаңа туған нәрестеге Айя деген есім берген.

"Баршаңызға рахмет! Бойы - 54 см, салмағы - 3728 келі. Айя, қош келдің, жаным", - деп жазды Динара Қырықбаева.

Ал желі қолданушылары шаңырағы толысқан әншіге құтты болсын айтып, ақ тілектерін жаудырған.

"Құтты болсын", "Бауы берік болсын", "Үлкен азаматша болсын", "Денсаулығы мықты болсын", "Сіздер үшін қуаныштымыз" деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, Динара Қырықбаеваның жаңа туған сәбиден бөлек бір қыз, бір ұлы бар.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
19
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel