Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

BI Group жаңа өнімдерін таныстырды

Опубликовано:

Өткен аптада BI Group құрылыс компаниясы көпшілікке жаңа өнімдерін таныстырды. Енді клиенттер пәтер ішіндегі жөндеу жұмыстарын онлайн түрде жүргізе алады. Ол үшін бар болғаны сайтқа кіру жеткілікті.

BI Group жаңа өнімдерін таныстырды

Компания ұсынып отырған бұл жоба – «Smart Remont» деп аталады. Енді сіз пәтердің жөндеу жұмыстарын жасау үшін әрі-бері сандалмайсыз, дүкен аралап, жұмысшылар іздеп әуре болмайсыз.

Бар болғаны http://smartremont.kz/ сайтына кіру жеткілікті. Пәтер иесі бөлмелердің дизайнын, құрылыс материалдарын таңдап қана қоймай, тұрмыстық техника мен жиһазға да тапсырыс бере алады. Ондағы жасалып жатқан жұмыстарды инженер бақылап отырады. Бастысы – бағасы аса қымбат емес, клиенттің таңдаған пакетіне қарай шаршы метрі – 36 мың теңгеден басталады.

BI Group жаңа өнімдерін таныстырды

Ал бұл жобаны іске қосу құрметіне, компания smartremont.kz арқылы жөндеу жұмыстарына тапсырыс берген клиенттерге «Smart Home» базалық жиынтығын сыйға бермек. Яғни, жөндеуден бөлек үйге судың ағып кетуін бақылайтын датчиктер, өрт дабылы мен дабыл түймесі, үйге және паркинге саусақ ізі арқылы кіру секілді функциялар орнатылады.

BI Group жаңа өнімдерін таныстырды

Оған қоса, 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап барлық салынып жатқан BI Group үйлеріне код немесе саусақ ізі арқылы ашылатын есік құлыптары орнатылады. Енді өзіңізбен бірге кілт алып жүрудің қажеті жоқ. Сонымен қатар, пәтер иесі мобильді қосымша арқылы нақты уақыт режимінде үйде болып жатқан жағдайларды бақылап, оқыс оқиғалар туралы жедел ақпарат ала алады.

BI Group жаңа өнімдерін таныстырды
«Ақылды үйлер – біздің компанияның бірегей шешімдерінің бірі. Енді BI Group-тың дайын пәтерлері осындай болады. Бұл салада бұрын-соңды мұндай жаңашылдық болған емес. Сондықтан революция жасап жатырмыз деуге болады», - деп мәлімдеді BI Group Директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахимбаев.
BI Group жаңа өнімдерін таныстырды

Сонымен қатар, Холдинг басқармасының төрағасы Амангелді Омаров мәлімдегендей, BI Group алдағы үш жылда пәтерлерді дайын күйінде тапсыруды жоспарлап отыр. Оған қоса 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап компаниядан пәтер сатып алған әрбір клиент 500 мың теңгеге дейінгі жылдық сақтандыруға ие болады. Ал бұл пәтеріңізді әр түрлі қауіп-қатерлерден сақтайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813104-bi-group-zaa-nimderin-tanystyrdy/

pixel