Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда адамдарды әдейі қаққан күдіктілерді қандай жаза күтіп тұр?

Опубликовано:

Адамдарды әдейі басып-жаншыған көліктің видеосы қазақстандықтардың зәресін ұшырды. Тергеу орындарына көп нәрсені анықтауға тура келеді. Қазірдің өзінде қоғамда сұрақ көп. Мұндай оқиға елімізді бұрын-соңды болмаған деп хабарлайды 31 арна.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр: Facebook

Заңгер Сергей Уткин үстінен қылмыстық іс қозғалған күдіктілерді не күтіп тұрғанын айтып берді.

Құқық қорғаушы бейнежазбаға қарап, көлік жүргізушісінің жаяу жүргіншілерді әдейі басқанын көруге болады дейді.

"Көлік жүргізушісі әдейі басып кеткен, яғни, бұл жай жол апаты емес. Бұл жерде біліктілігі жоғары кісі өлтіру болуы мүмкін. Кез келген нәрсе", - деді маман.

Сондай-ақ, ол бірнеше құқықбұзушылық жасалған дейді..

"Алайда, ең бастысы бұл жерде денсаулыққа қасақана ауыр зардап келтіру, егер адам өлсе - кісі өлтіру, бұзақылық сияқты ауыр қылмыс туралы сөз болып отыр.
Мұның бәрі құқық бұзушылардың ниетіне байланысты. Тергеушілер бірнеше тергеу амалдарын жүргізіп, нақты бір бап бойынша қылмыстық дәрежесін анықтайды", - деп түсіндірді заңгер.

Дереккөз: 31 арна

Естеріңізге сала кетейік, адамдарды әдейі қаққан көліктің видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен еді.

Бұағн қатысты Алматы қалалық Полция дептарменті пікір білдіріп, кейін бір күдіктілердің бірі ұсталғанын хабарлаған.

27 тамызда адамдарды әдейі қаққан көліктердің табылғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813105-almatyda-adamdardy-deji-kakkan-kdiktilerdi-kandaj-zaza-ktip-tr/

pixel