Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Соңғы қалалық сенбілік туралы ақпарат

Опубликовано:

Алматы қаласының әкімінің 2011 жылдың 25 ақпанындағы "Жалпықалалық сенбілік өткізу туралы" №10р қаулысынасәйкес 9 сәуірде көшелерді, аулааралық аумақтарды, көпшілік демалатын орындарды, арық жүйелерін, бос жатқан алаңдарды, өзен арналары мен жағалауларын санитарлық тазалауда жалпықалалық сенбілік өткізілді. 

Қаланың санитарлық жағдайын жақсарту үшін көріктендіру және жасыл желектерді отырғызу жұмыстарымен қатар қаланың сырт көрінісіне де ерекше көңіл бөлінді. Жалпықалалық сенбілікте 220 мың.адам қатысты және коммуналдық арнайы техникадан басқа да 343 бірлік техника жұмылдырылды.

Аудан әкімдіктері әр бекітілген аумақтарда тазалау жұмыстарын ұйымдастырып өткізді. Жеке пәтер иелерінің кооперативтерімен бірлесе отырып, өздеріне қарасты және аула аумақтарында тұрғындардың және кондоминимумның нысандарында орналасқан заңды тұлғалардың қатысуымен тазалау жұмыстары ұйымдастырылды.

Аудан әкімдіктерімен жаппай жұмыс орындарында мерекелік ахуал қалыптастырылды, сенбілікке қатысушылар қажетті мөлшерде құрал-саймандармен, қоқысты жинауға арналған пакеттермен және қолғаптармен қамтамасыз етілді. Көшенің бойындағы ағаштар әктелді, үйлердің сырты мен қоршаулары да сырланды, тағы басқа сол сияқты тазалау жұмыстары жүргізілді.

Сенбілік күні және келесі жексенбі күні көлемі 2567 текше метр болатын жиналған қоқыс арнайы полигонға шығарылды. Сонымен қатар 135 км арық жүйесі қоқыс пен топырақтан тазаланса, 34 км-дей қаланың кіші өзендерінің арналары мен жағалауларында да санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/181311-songy-kalalyk-senbilik-turaly-akparat/

pixel