RU

Атышулы "Кредит" жайлы әнді әкімдердің алдында айтқызбайтыны рас па?

"Азия" мен "Бақай" тобының әншілері "Атың өшкір кредит" әнін кез келген ортада орындай алмай жүргендерін айтып берді деп жазады 31 арнаның "Жұлдыздар жарқырайды" жобасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Клиптен кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ.
Фото: Клиптен кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ.: Instagram

Басында несиесі бар жандарға ән арнап, клип түсірген жігіттердің айтуынша, оларға аталмыш әнді орындауға рұқсат бермейтін жерлер бар екен.

"Бұл да бір тәжірибе болды. Біреу түсінсе, біреу түсінбеді. Әркімнің өзінің санасына берсін.
Үлкен сахналарға шығатын кезде, әкімдердің алдына шығатын кезде айтқызбай тастаған кездер болды. Ондай жағдайлар болады", - дейді "Азия" мен "Бақай" әншілері.

Сондай-ақ топ жігіттері "Атың өшкір кредит" туындысын да басында несиесі барларға жеткенін айтты.

"Әр ән белгілі топқа бағытталады. Бұл туындыны да бағытталған адамдарына жетті деген ойдамыз. Өйткені, кредитті кешірді. Енді өзінің мекен-жайына жеткен сияқты. Оны несиесі барлар түсінеді-ау", - деді "Азия" мен "Бақай" тобы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1813117-atysuly-kredit-zajly-ndi-kimderdi-aldynda-ajtkyzbajtyny-ras-pa.html