RU
Бокстан әлем чемпионаты: Кімдерден алтын күтеміз?
Жаңалықтар Қоғам

Бокстан әлем чемпионаты: Кімдерден алтын күтеміз?

Рассказать Вконтакте

8-22 қыркүйек аралығында Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан әлем чемпионаты өтеді. 20-шы мәрте өткелі отырған жаһандық додада боксшылар сегіз салмақ санатында ғана өнер көрсетеді деп жазады Abai.kz.

Фото: Abai.kz

Фото: Abai.kz

Қазақстан құрамасы үшін ең табысты әлем чемпионаты 2013 жылы Алматыда өтті. Ол кезде біздің боксшылар 4 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды. Қазіргі құрама сапында сол кездегі жігіттерден тек Қайрат Ерәлиев қана бар.

Ал 2015 жылы Катарда өткен әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасына екі қола медаль ғана бұйырды. Оларды Данияр Елеусінов (69 келі) пен Иван Дычко (91 келіден жоғары) жеңіп алды.

Араға тағы екі жыл салып өткен 19-шы кезекті әлем чемпионаты да біз үшін аса табысты бола қойған жоқ. Германияның Гамбург қаласында Мырзағали Айтжанов шәкіріттері 1 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль алды. Сөйтіп, жалпы командалық есепте Куба мен Өзбекстаннан кейінгі үшінші орынға жайғасты.

Сонымен, бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев Екатеринбургте ел үміт артқан азаматтардың атын атады. Олар:

52 келі: Сәкен Бибосынов 57 келі: Қайрат Ерәлиев 63 келі: Зәкір Сафиуллин 69 келі: Абылайхан Жүсіпов 75 келі: Тұрсынбай Құлахмет 81 келі: Бекзат Нұрдәулетов 91 келі: Василий Левит +91 келі: Қамшыбек Қоңқабаев

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel