Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында өз қызын зорлап өлтірген әке өмір бойына сотталды

Опубликовано:

Түркістан облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты үш жасар туған қызын зорлап, пышақтап өлтірген әкені өмір бойына бас бостандығынан айырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Жұрттың жағасын ұстатқан қанды оқиға өткен жылдың қазан айында болған.

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Бөржар ауылының 47 жастағы тұрғыны жалғыз перзенті, үш жасар қызын зорлап 38 жерінен пышақтаған.

Қатыгез әкенің ол кезде алкогольді ішімдік ішіп мас болғаны анықталды.

Қанды қол қылмыскерді тәртіп сақшылары сол түні-ақ құрықтап қамау алған.

Сот талқылауы барысында сотталушы өз кінәсін толық мойындаған. Ол "қатты мас едім" деп те ақталған.

Алайда екі рет тағайындалған сот психиатриялық сараптамалар нәтижесінде сотталушының ақыл есі дұрыс екендігі дәлелденген.

Осылайша сот жауыз әкені өмір бойына бас бостандығынан айырған.

Айта кетейік, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813145-trkistan-oblysynda-z-kyzyn-zorlap-ltirgen-ke-mir-bojyna-sottaldy/

pixel