RU
Атамбаев тергеу изоляторында жұбайымен кездесті

Атамбаев тергеу изоляторында жұбайымен кездесті

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев жұбайы Раисамен кездесті. Бұл туралы 24.kg редакциясына адвокат Сергей Слесарев хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: kp.kg/Султан Досалиев

Фото: kp.kg/Султан Досалиев

Оның сөзінше, МҰҚК кездесу туралы өтінішті қанағаттандырған. Басқа жақын туыстары, соның ішінде балалары әлі мұндай өтініш білдірмеген.

"Тәртіпке сәйкес олар өтініш бере алады. Жұбайлар не жөнінде сөйлесіп, қандай өтініштер айтылғаны, белгісіз. Кездесудің қанша уақытқа созылғанын да білмеймін. Бірақ, менің қорғалушым өзін ұстау жағдайына сәйкес өзін ойдағыдай сезінеді. Қосымша өтініштер айтпады. Не болмағанда маған", - деді Сергей Слесарев.

Естеріңізге салсақ, 7 тамызда Қырғызстанның МҰҚК Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясын бастаған болатын. Жаппай тәртіпсіздік салдарынан бір адам қаза тауып, тағы 45 адам зардап шеккен.

Ертесі күні 8 тамызда Алмазбек Атамбаев құзырлы органдарға өзі берілді. Оның үстінен бірнеше қылмыс бойынша іс қозғалған.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
4
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel