RU
Тоқаев Ла-Манш бұғазын жүзіп өткен тұңғыш қазақстандық аруды құттықтады

Тоқаев Ла-Манш бұғазын жүзіп өткен тұңғыш қазақстандық аруды құттықтады

Рассказать Вконтакте

Қасым-Жомарт Тоқаев Ла-Манш бұғазынжүзіп өткен қазақстандық Әнел Сытдықованы құттықтады. Мемлекет басшысы спортшы қыздың жігерін жоғары бағалаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook/Ғали Исқалиев

Фото: Facebook/Ғали Исқалиев

Президент қазақстандық триатлоншы қыздың жетістігіне тәнті болған.

Өз құттықтауын Тоқаев Twitter парақшасы арқылы жеткізген.

"Спортшы қызымыз Әнел Сытдықова Қазақстанның тарихында тұңғыш рет және әлемде алғашқылардың бірі болып, Ла-Манш бұғазын жүзіп өтті. Мықты ерік-жігер мен хас шеберліктің керемет үлгісін көрсеттің. Жарайсың, Әнел" , - деп жазды мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық арудың Ла-Манш бұғазын 15 сағатта жүзіп өткенін хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel