RU
Нұрғали Нүсіпжановтың өзінен 45 жас кіші әйелі жайлы не білеміз?

Нұрғали Нүсіпжановтың өзінен 45 жас кіші әйелі жайлы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Бүгін әлеуметтік желілерде елімізге танымал әнші, халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың үйленгені жайлы ақпарат тарады. Өнер иесінің таңдауы өзінен 45 жас кіші тележүргізушіге түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жадыра Сейдеш. Фото: zanmedia.kz, ok.ru. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Жадыра Сейдеш. Фото: zanmedia.kz, ok.ru. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

КТК арнасының тележүргізушісі Гүлмира Әбіқайдың Instagram желісіндегі мәліметінше, той Алматы қаласында өткен.

Нұрғали Нүсіпжановтың жары атанған журналист Жадыра Сейдеш 1982 жылы дүниеге келген. 

Ол Еуразия ұлттық университетінің журналистика мамандығын қызыл дипломмен тәмамдаған. 

Жадыра Сейдеш көпшілікке "КТК" арнасындағы "Жүрекжарды" бағдарламасы арқылы кеңінен таныс. Ол жобаның авторы әрі жүргізушісі .

Сондай-ақ, "Қазақ әдебиеті" сынды газеттерге мақалалары жарық көрген.

Ол "Қазақстан Журналистер одағының" және "Қазақстан Жастар одағы" сыйлығының лауреаты.

Айта кетейік, Нұрғали Нүсіпжановтың бірінші жұбайы Айгүлден Бибігүл, Алма, Дариға, Нұргүл, Нұрзар есімді балалары бар.

Естеріңізге сала кетейік, күні бүгін 82 жастағы Нұрғали Нүсіпжановтың үйленгені жайлы ақпарат тараған болатын.

Сіздің реакцияңыз
101
8
10
6
2
31
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel