Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жемқорға арналған ескерткіш": Жерден шығып тұрған қол жұртты таңғалдырды (фото)

Опубликовано:

Қарағанды тұрғындары жердің астынан шығып тұрған қолдың мүсінін көріп, оның мағынасын түсінбей бас қатыруда деп хабарлайды BNews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Bnews.kz
Фото: Bnews.kz: Twitter

Аталған сәулет нысаны Голубые пруды шағын ауданына кіреберіс жерде орналасқан.

Тұрғыдар оны әзілдеп "Жемқорға арналған ескерткіш" деп атауда. Сондай-ақ, бұл мүсінге байланысты ел арасында "Қарағанды қоқысқа батуда" және "Шахтадан сәлем" деген атаулар кеңінен таралуда.

Қаланың мәдениет және демалыс саябақтары мен гүл бақтары басқармасы аталған мүсіннің ешқандай символикалық және мағыналық мәні жоқ екенін мәлімдеді.

Олардың айтуынша, мүсін жай ғана әсемдік үшін орнатылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813178-zemkorga-arnalgan-eskertkis-zerden-sygyp-trgan-kol-zrtty-tagaldyrdy-foto/

pixel