Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әке атансаңыз, несі айып": Нүсіпжановтың үйлену тойынан видео пайда болды

Опубликовано:

Күні кеше Алматыда үйлену тойы өткен 82 жастағы Нұрғали Нүсіпжановтың қуанышынан видео пайда болды. Бейнежазбада жас жұбайлар бір-біріне тәтті торттан дәм татқызып жатқаны көрініс тапты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/quandyqkz
Фото: Instagram/quandyqkz: Getty Images

Instagram мен Facebook желілерінде жарияланған бейнежазбаларда Нүсіпжановтың жары қуаныштарына ортақтасып келген қонақтарына алғыс айтып, ел алдында бас игенін көруге болады.

Оған қоса, ерлі-зайыптылар бір-біріне мерекелік торттан дәм таттырған.

"Барым да, байлығым да - көкешім. Сіздерге көп рахмет! Тілеулес болғандарыңызға", - деді қалыңдық Жадыра Сейдеш.

Оған қоса, отандық журналист күйеуіне көпшілік алдында өз сезімін білдіріп, әсерлі сөздер айтты.

"Мен сіздің жан дүниеңіздің тазалығын сыйладым, көкешім. Енді, еш уақытта ауырып, мені қорқытпаңызшы. Сүрінбеңізші, құламаңызшы.

Асқар тауым деп таңдадым ғой. Менің асқар тауым болып, Жамбылдың жасынан асыңызшы.

Мен соған қызмет етемін деп келдім. Енді сіздің өміріңіз осы торттай тәтті өмір болсын.

Әдемі жасыңызда әке атансаңыз, оның несі айып? Жақсы адамның артынан ұрпақ қалу керек.

Алладан сіздің қолыңыздан ұстап тұрып, тек бір ғана тілек тілеймін. Кішкентай ғана Нұрғалиұлы біздің шаңырақты шаттыққа кенелтсін.

Өмірге келетін сол сәбидің тілегімен күн кешейікші. Қашан да мен сізді арқа тұттым" , - деп ағынан жарылды қалыңдық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1813181-ke-atansayz-nesi-ajyp-nsipzanovty-jlenu-tojynan-video-pajda-boldy/

pixel