RU
Білім министрі: Мұғалімдер әр баланың артынан жүгіріп, көшеде жүрмеуі керек

Білім министрі: Мұғалімдер әр баланың артынан жүгіріп, көшеде жүрмеуі керек

Рассказать Вконтакте

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жеткіншектер мен жасөспірімдерге ата-аналары жауапкершілікпен қарап, бар міндетті мектепке артпауы тиіс екенін жеткізді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ааааа

Асхат Аймағамбетов. Фото: government.kz

Министрдің айтуынша, бала мектепке кіргенге дейін жауапкершілік ата-анада болады.

«Біз бәрін де мектептен талап етпеуіміз керек. Кез келген мұғалім өз сыныбындағы 25 немесе 30 баланы артынан жүгіріп, көшеде жүрмеуі керек.

Ол – ата-ананың жауапкершілігі.

Ата-ана мектепке алып келіп, мұғалімге тапсыруы тиіс. Қазір біз мектептерде арнайы турникеттер болуын қамтамасыз етіп жатырмыз.

Яғни, геонавигация арқылы баланың мектепке кіргенін анықтай аламыз.

Қандай да бір оқыс жағдайлар мектеп ішінде, оқу кезінде болып жатса, иә, онда жауапкершілік білім саласында», - деді Аймағамбетов.

Сіздің реакцияңыз
1
0
2
0
3
9
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel