Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұятқа қалдым": Мас күйінде қайын атасын балағаттаған келіншек елден кеңес сұрады

Опубликовано:

Ішімдікке мас болып, қайын атасын байқаусызда балағаттап тастаған жас келін көптен кеңес сұрады. otbasysyrlary парақшасына хат жазған ол аталған ісіне ұялатынын мәлімдеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Ол аталмыш келеңсіз жағдайдың қалай болғанын егжей-тегжейлі баяндап берген.

"Қыздар жігіттер, масқара ұятқа қалдым. Кеше отырыс болған. Күйеуім екеуміз бардық. Бәрімізге ішімдік ішкізді. Негізі тек сыра ғана ішетін едім. Бұл жолы бәрі араласып кетті. Күйеуім рөлде болған соң, ішімдік ішпеді.

Бір күн бұрын атам маған қатты ұрысқан еді... Әр нәрсеге араласа береді, бөлмеге кіре береді.

Соның бәрін көңілім алып жүргенмін. Ал енем қыдырып кеткен еді. Мас болып үйге келдім. Күйеуім көп ішкеніме ұрысты.

Сол мезетте алдымнан атам шығып, "ішіп алдың ба?" деп сұрады. Мен балағаттап жібердім. Бір емес, бірнеше рет балағаттаппын.

Оған қоса айғайға басып жылаппын. Енді ұялып жүрмін", - деп ағынан жарылған келіншек.

Аталған оқиғаға қатысты желі қолданушыларының пікірі қақ жарылған.

Олар "Қалай ұялмайсың?", "Үлкен адам, сыйлау керек еді", "Бәріміздің ішімізде құпия жатыр", "Ұялмаңыз, ұятты нәрсе емес", "Кешірім сұрай салыңыз", - деген пікірлерін жаудырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813203-atka-kaldym-mas-kjinde-kajyn-atasyn-balagattagan-kelinsek-elden-kees-srady/

pixel