RU
"Бос сөз бен хайп": Сағынтаев Байбек екеуі туралы қауесетке пікір білдірді

"Бос сөз бен хайп": Сағынтаев Байбек екеуі туралы қауесетке пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Бақытжан Сағынтаев Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің қабылдаған шешімдерін жаппай өзгертуге ниеті жоқ екенін мәлімдеді деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бақытжан Сағынтаев пен Бауыржан Байбек. Фото: Nur Otan партиясының баспасөз қызметі

Бақытжан Сағынтаев пен Бауыржан Байбек. Фото: Nur Otan партиясының баспасөз қызметі

Бақытжан Сағынтаев алматылықтармен дәстүрлі кездесулерін одан әрі жалғастыруда. Бүгін ол Медеу ауданының тұрғындарын толғандыратын сауалдар мен мәселелерді талқылады.

"Мегаполисті дамытудың басты бағыттары шағын және орта бизнеске қолдау көрсету екенін айтқан әкім халықтың үштен бірінің кәсіпкерлік салада жұмыс жасайтынын баса көрсетті. Мысалы, қаланың ІӨӨ-де ШОБ-тің табысы 40%-ды және қала бюджетінің 60% -ын құрайды", - деді Сағынтаев.

Сондай-ақ, оңтүстік астана әкімі "Алматы" ӘКК-ның жұмысын оңтайландыру, "Almaty Invest" инвестиция орталығын және қаланың 6 ауданында филиалы бар "Qolday" кәсіпкерлік орталығын құру ШОБ-ке қолдау көрсетудің тиімді шаралары болып табылатынын атап өтті.

"Сонымен қатар, "Almaty Finance" қаржы компаниясы және ШОБ-ке сараланған проценттік өлшеммен, қаланың орталық бөлігіне 7%, ал шет аймағына 2% мөлшермен несие беретін "Almaty" микронесиелік ұйымы жұмысын бастады. "Алматы Бизнес-2025" бағдарламасы бойынша кәсіпкерлер білімдерін жетілдіруде", – деді Бақытжан Сағынтаев.

Әкім кәсіпкерлерге қаржылық көмектен өзге логистикада инфрақұрылымдық шешімдер арқылы қолдау көрсетілетінін айтты.

Мысалы, Байтұрсынов және Қонаев көшелеріндегі веложолдар сызбасын өзгерту арқылы ШОБ-ке қолдау жасалады, бірақ мұнда велосипедшілер мүддесі еш шектелмейді.

Бұдан бөлек, Бақытжан Сағынтаев кейбір әлеуметтік желі қолданушыларының әкімдік шешіміне қатысты жалған ақпараттар тарататынын атап өтті.

"Тимирязов көшесі бойындағы БРТ алынады, Панфилов көшесінің концепциясы қайта қаралады, қоршаулар қайтарылады, қала көшелеріндегі көлік жолақтары жойылады екен деген небір сөздер пайда болуда. Маған кейбір журналистер келеді, әлеуметтік желілер арқылы осы мәселелерге қатысты сауалдар қояды. Алып-қашпа сөздерге құлақ түрмеңіздер, олар жалған әрі түкке тұрмайды", – деді шаһар басшысы.

Ол бұндай қауесет тарататын адамдардың хайпқа ұмтылып жүргендерін сөз етті.

"Ештеңе жабылмайды, өзгермейді әрі жойылмайды. Шындыққа жанаспайтын өсекті таратушылар – хайпқа ұмтылушылар", – деп түсіндірді қала әкімі.
Сіздің реакцияңыз
3
0
1
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel