RU
Күйеуі теріс жолға түскен ақтөбелік әйел 7 баласын асырай алмайтын халде жүр

Күйеуі теріс жолға түскен ақтөбелік әйел 7 баласын асырай алмайтын халде жүр

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде жеті баланың анасы қиын жағдайда. Жалғызбасты келіншек балаларына нан тауып бере алмай отыр. Дін жолындағы күйеуі теріс жолға түсіп кеткенін айтқан көпбалалы ана көмек сұрайды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбелік жеті баланың анасы жанұясына жейтін нан тауып бере алмай отыр

Ғайни Сүлейменова. Фото: NUR.KZ

«Атыраудың жігітіне тұрмысқа шықтым. Жолдасым дін жолындағы адам болғаннан кейін жұмыс жасаған жоқпын. Балалы-шағалы болдық, үй шаруасына қарадым.

Жолдасым жайлы көп айтқым келмейді. Басында дін жолында болғанымен кейін күйзеліске түсті ме, әйтеуір 2011 жылдан бастап намазын қойды. Кейін басқа жолға түсіп кетті.

Одан кейін де 7-8 жыл бірге тұрдық. Балаларыңды ойлайсың. Жұмыссыздық болған соң жетіспеушілік шаршатып жіберді», - дейді Ғайни Сүлейменова.

41 жастағы келіншек жұмыс жасамайтын жолдасынан шаршап, жеті баласын жетектеп төркінінен бір шыққан.

Қазір балаларына төленетін жәрдемақымен Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында пәтер жалдап тұрады.

«Қазір мен осында келгелі төртінші пәтер ауыстырдым. Бала көп болған соң жалдамалы пәтерге де кіргізбейді.

Көмек сұрайын десем 16 жастағы балам намыстанады. Бірақ бізде жейтін тамақ жоқ. Шынымен мұқтажбын.

Жолдасым алимент те төлемейді. Оның ағайындарынан ешқандай көмек жоқ. Жағдайлары жақсы болса да қараспайды.

Ажырасқан отбасылар баратын дағдарыс орталықтарына жеті баласы бар ананы алмайды екен», - дейді келіншек
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
28
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel