RU

Елордада ЛГБТ белсенділеріне митинг өткізуге рұқсат берілмеді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ЛГБТ белсенділеріне митинг өткізуге рұқсат бермеді деп хабарлайды Bnews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: UGC

Нұр-Сұлтан әкімдігі қоғамдық орындарда митинг өткізу үшін өтініштердің мазмұнына заңнамамен нақты талаптар белгіленгенін атап өтті.

Атап айтқанда, өтініш митинг өткізу мезгілінен кем дегенде 10 күн бұрын берілуі тиіс.

Өтініште іс-шараның мақсаты, үлгісі, өткізілу орны мен басталу және аяқталу уақыты, қатысушылардың болжамды саны және т.б. көрсетілуі тиіс.

Алайда, әкімдіктің хабарлауынша, аталған талаптар сақталмаған.

"Жоғарыда аталғандарды негізге ала отырып, митинг өткізу туралы жазбаша өтініш қанағаттандырылмайды. Себебі, өтініштің мазмұны көрсетілген нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейді", – делінген ведомство хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында алғаш рет мың адам қатыса алатын ЛГБТ-митинг өткізу жайлы өтініш берілгенін хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1813242-elordada-lgbt-belsendilerine-miting-tkizuge-rksat-berilmedi.html