Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рудныйдағы балалар үйінің директоры басы дауға қалған соң қызметінен қуылды

Опубликовано:

ребенок моет посуду
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Рудныйдағы балалар үйінде анықталған жантүршігерлік жағдайлардан кейін мекеменің директоры қызметінен босатылды деп хабарлайды Nur Otan партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанынан арнайы комиссия құрылды. Тексеріс барысында сараптау тобы мәлімдеген барлық бұзушылықтар толығымен жойылғаны анықталды.

Осыған орай келесі шешімдер қабылданды:

1. Бақылаудың әлсіздігі үшін облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы В.Ю. Дудникті сөзгіс түріндегі тәртәптік жауапкершілікке тарту.

2. Рудный Балалар үйінің директоры Р.К. Гилязутдинованы қызметінен босату.

3. Балаларды Қостанайдағы Балалар үйіне ауыстыру.

"Сонымен қатар, білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларына жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерде сәйкес тексеріс жүргізуге тапсырма берілді", – делінген партияның хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813261-rudnyjdagy-balalar-jini-direktory-basy-dauga-kalgan-so-kyzmetinen-kuyldy/

pixel