Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

21 жастағы миллионер жетістікке жеткізетін бес түрлі кеңес берді

Опубликовано:

Көптеген қиындықтарды бастан өткеріп, тағдырдың тәлкегіне мойымай мақсатына жеткен австралиялық миллионер жетістікке апаратын бес түрлі кеңес берді. Бұл туралы Life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлады.

Фото: Facebook.com/Harry Sanders
Фото: Facebook.com/Harry Sanders: Facebook

Австралияның Мельбурн қаласының тумасы Гарри Сандерс қазір 21 жасқа толған шағында жеке бизнесін ашып, миллиондаған табысқа кенеліп отыр.

Дегенмен, жас жігіт бұндай жетістікке жету үшін талай қиыншылықты басынан өткерген.

17 жасында ол бизнес жоспары жүзеге аспай, далада қалғанын айтады.

16 жасында Гарри Сандерс алғаш рет SEO-ны дамытумен айналысатын компания құрған. Алайда, оның біліктілігі мен тәжірибесі жетіспегендіктен, жұмысы жүрмей қалған.

"Бірнеше күн не істерімді білмей көпірдің астында түнедім. Шынымды айтсам, біреуден көмек сұрағанда өзімді жаман сезінетінмін", – дейді Гарри Сандерс.

Бір жыл бойы жас жігіт біресе үйсіздер баспанасын, біресе достарының үйін паналап жүрген.

Бұл қиындықтарға қарамастан ол осы кезеңнен көп өмірлік сабақ алғанын жеткізді. Біраз уақыттан кейін ол өз бизнесін қайта жандандырған.

Фото: Facebook.com/Harry Sanders
Фото: Facebook.com/Harry Sanders: Facebook

Қазіргі уақытта 21 жастағы Гарри Сандерс өзі негізін қалаған Studiohawk компаниясының директоры болып табылады.

Оның командасы ғаламторда іздеу жұмыстарын оңтайландырумен, яғни Интернетте веб-сайттардың танымалдығын арттырумен айналысады.

Қазіргі уақытта оның компаниясы 1,5 миллион австралиялық долларға бағаланып отыр. Жақында жұмыс ауқымы кеңейіп, Лондонда кеңсесі ашылған.

Қиындық көрген жас миллионер жетістікке жетуге көмектескен ойларымен бөлісті.

Гарри Сандерстің беретін бес кеңесі:

1. Өзіңді еркін сезінетіндей киін.

2. Кемінде тәулігіне 8 сағат ұйықта.

3. Өзіңе ұнайтын тақырып бойынша көп оқы.

4. Үнемді бол. Ақшаны неге жұмсайтыныңды нақты біл және мүмкін болған шығындарды азайт.

5. Мақсатыңды анықта. Ақша – мақсат емес. Егер тек соған қызығатын болсаң, жетістікке жетпейсің.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1813265-21-zastagy-millioner-zetistikke-zetkizetin-bes-trli-kees-berdi/

pixel