Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әкімдігі ЛГБТ-митингіне рұқсат бермеді

Опубликовано:

Алматы әкімдігі қала аумағында митинг өткізу өтінішіни жасаған ЛГБТ белсендісіне жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото:pixabay.com
Фото:pixabay.com: Facebook

Әкімдіктің айтуынша, 23 тамызда Айдар Елкеевтен 30 тамыз бен 8 қыркүйекте митинг өткізу туралы екі өтініш келіп түскен. Шеру өткізу орны ретінде ол "Сары арқа" кинотеатрындағы гүл бағын көрсеткен.

Бұл өтініштер қаралды.

"Ұсынылған өтініш "ҚР бейбіт жиналысчтар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу туралы" заңының 3-бабының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты оған түсіндірме негізінде жауап берілді", - деді ведомство.

Естеріңізге салсақ, бүған дейін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында ЛГБТ-митингін ұйымдастыруға өтініштер түскенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813269-almaty-kimdigi-lgbt-mitingine-rksat-bermedi/

pixel