Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан мұнайына 120 жыл: Атырауда мерекелік велошеру өтті

Опубликовано:

24 тамыз күні Атырау қаласында «Ембімұнайгаз» АҚ тарихында алғаш рет ЕМГ Басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбековтің бастамасымен Қазақстан мұнайының 120 жылдығына орай велошеру өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық теннисшілер US Open турнирінің екінші айналымына шықты

Салауатты өмір салтын насихаттайтын бұқаралық шараға 150 ембілік мұнайшы – орталық басұару аппараты мен барлық өндірістік құрылымдық бөлімшелер қызметкерлері қатысты.

Қазақстандық теннисшілер US Open турнирінің екінші айналымына шықты
"Бұл – тек Компания үшін ғана емес, бүкіл ел үшін айтулы оқиға. Ембі алаңдарында отандық мұнай-газ саласының негізі қаланып, қазіргі таңда ел экономикасының күретамырына айналды.

Компания үшін басты құндылық қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы саналады. Сондықтан, Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған көпшілік шараларды біз спорттық шаралардан бастап отырмыз.

Қазақстандық теннисшілер US Open турнирінің екінші айналымына шықты

Мәселен, кеше Ембінің тарихында тұңғыш рет компания мұнайшылары арасында Мұнайшы барысы» түйе палуандар жарысы өтті.

Велошеру мақсаты – ғасырға жуық уақыт бойы еліміздің жарқын болашағы мен дамуы үшін «қара алтынды» тауып өндірген барлық ембілік мұнайшыларды еске алу, - деді велошерудің ашылу салтанатында ЕМГ Басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбеков.
Қазақстан мұнайына 120 жыл: Атырауда мерекелік велошеру өтті

Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған шеру Компанияның бас кеңсесінің басталып, шабандоздар Ш.Уәлиханов – Махамбет – Баймұханов көшелерімен бойымен өтіп, бас кеңсеге кері оралды.

Атап өтерлігі, шеруге жас мамандармен қоса, зейнеткерлік жасқа таяп қалған қызметкерлер де қатысты. Шараны ұйымдастырушы Компанияның Жас мамандар кеңесі мен әлеуметтік саясат және инфрақұрылымдық нысандарды басқару департаменті болды.

Қазақстандық теннисшілер US Open турнирінің екінші айналымына шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1813310-kazakstan-mnajyna-120-zyl-atyrauda-merekelik-veloseru-tti/

pixel